RU
Петропавлда түнгі клуб маңында екі қызды қаққан күдікті полицияға өзі келген
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда түнгі клуб маңында екі қызды қаққан күдікті полицияға өзі келген

Рассказать Вконтакте

Петропавлдағы ойын- сауық кешенінің алдында екі қызды қағып, қашып кеткен Lexus жүргізушісіне қатысты жаңа деректер шықты. Белгілі болғандай халықаралық іздеуде жүрген күдікті полцияға өзі келген деп хабарлайды 31 арна.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы
Source: UGC

Кінәсін мойындап келген 25 жастағы Илья Старухин қазір полицияда тергеліп жатыр.

Оған қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінә тағылып отыр. Яғни ол адам өлімі орын алған жол көлік апатын жасады және оқиға орнынан қашып кетті деп айыпталуда.

Ал марқұм болған жас келіншектің туыстары күдікті жазадан жеңіл құтылып кете ме деп қорқады. Себебі бейресми ақпарат бойынша ол қалталы кәсіпкердің ұлы болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Петропавлда қыркүйек айының ортасында болған. Сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүруі тиіс жерде Lexus маркалы көлігімен жүйткіген күдікті екі бойжеткенді қағып, бірнеше метрге дейін сүйреп әкеткен. Апат салдарынан 25 жастағы бойжеткен бір апта бойы ес-түзсіз жатып, қайтыс болған. Оның артында кішкентай қызы қалды.

Ал күні кеше аталмыш оқиғадан кейін шекара асқан күдіктінің ұсталғаны хабарланды.

Дереккөз 31 арна

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel