RU
Маңғыстау облысында әскери киімдегілер көшедегі адамды алып кетпек болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысында әскери киімдегілер көшедегі адамды алып кетпек болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны әскери киімдегі адамдардың інісін күштеп алып кетпек болғанына ашуланды деп хабарлайды "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Фото:Видеодан скриншот
Source: Facebook

Ер адам "әскери комиссариаттанбыз" деп таныстырған адамдардың бауырын алып кетуге тырысқанын айтады.

"Әскери комиссариат қызметкерлері келді де, ештеңе түсіндірместен інімді азаматтық көлікке отырғыза бастады", - деді азамат.

Ақтау тұрғыны інісіне неліктен шақырту қағазы берілмегенін және не себепті оны қызметтік көлікпен алып кетпейтінін сұраған.

Бұл сұрағына әскери киімдегі адамдар оларда шақырту қағазы да, көліктері де жоқ екенін айтып, шара жоспарын көрсетіпті.

"Лада" тілшілері бұл мәселеге қатысты түсініктеме ала алмағандарын жазады. Қорғаныс істері жөніндегі басшының орынбасары Тұрбаев бұл сұрақтарға тек басшылық жауап бере алатынын хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
4
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel