RU

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше аймағында тұман түсіп, жел күшейеді

16 қараша күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты тек солтүстік өңірлерде аздаған қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

выввв
Көрнекі фото: КТК: Instagram

Синоптиктердің болжамынша, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл және Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763867-aua-rajy-kazakstanny-birnese-ajmagynda-tman-tsip-zel-ksejedi.html