RU

Теміртауда сәбиді тұншықтырған тәрбиеші жеңіл жазамен құтылды

Теміртауда «Домик» жекеменшік балабақшасы тәрбиешісінің жылаған баланы көрпемен тұншықтырып жатқан видеосы желіде тарап, қоғамда шу тудырған еді. Үстінен қылмыстық іс қозғалған қатыгез тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Baq.kz.

dsssss
Көрнекі фото: stopmeifitoldyou.com: UGC

Бүлдіршінді ұйықтатамын деп аяусыз тұншықтырған Үміт Пірмеханова Қылмыстық кодекстің 140 бабы, 2 тармағы бойынша айыпталған болатын.

Сот 50 жастағы әйелді кінәлі деп танып, оны 120 сағат қоғамдық жұмыстарға міндететді.

Сондай-ақ, Үміт Пірмехановаға үш жыл бойы кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс жасауға тыйым салынды.

Жәбірленуші тараптың сотқа берген арызы қанағаттандырылып, айыпталушы әйел өтемақы төлейтін болды.

Сотта балабақша тәрбиешісі өз кінәсін мойындап, тұншықтырған баланың ата-анасынан кешірім сұраған.

Зардап шеккен тарап талап еткен өтемақы он есеге қысқартылып, сот тәрбиешіні 200 мың теңге төлеуге міндетту туралы қаулы шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763869-temirtauda-sbidi-tnsyktyrgan-trbiesi-zeil-zazamen-ktyldy.html