RU
"Әр түні аймалайтын": Алматылық әйел әкесінен көрген қорлығын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

"Әр түні аймалайтын": Алматылық әйел әкесінен көрген қорлығын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Алматылық келіншек 14-15 жасында туған әкесінен көрген қорлығын жайып салды. Әр түні әкесінің аймалауына үнсіз көнген бойжеткеннің оқиғасын "Не молчи" қоғамдық қорының басшысы Дина Смайылова Facebook парақшасында айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото:9tv.co.il

Фото:9tv.co.il

Алматы тұрғыны туған әкесінің анасы үйде жоқ сәтте өзіне тиісетінін еске алды.

"Анам ауырып ауруханаға түсіп қалған болатын. Ал әпкем тұрмысқа шығып кеткен.

Әкем әр түні ішіп келіп, маған тиісетін. Ол кісі өзі ауған болатын. Анама бұл оқиғаны айтуға тағы болмайды. Осылай жүргенде анам қайтыс болып кетті.

Әкем мені зорламады. Бірақ әр түні аймалаған сәтін, 20 жылдан бері ұмыта алмай жүрмін. Сол уақыттарды қорқынышпен еске аламын", - деді келіншек.

Осынша қорлықтан кейін ол 16 жасында қорлықтың құрбаны болған.

"Пәктігімнен айыратын адамның туған әкем болғанын қаламағандықтан, жаңа жылдық кеште зорлықтың құрбаны болдым. Бір таныс құрбым, сені зорласа, "үндемей жат" деп кеңес бергені есімде қалыпты.

Мен бірнеше жігіттің басымнан ұрып, аяусыз қорлық көрсеткеніне шыдап жаттым. Біраз уақыттан соң көзімді ашсам, жерде жатырмын.

Денемді зорға көтеріп, полицияға арыз жазуға бардым. Алайда олар мені "наркоман" деп атап, көмек көрсетпеді", - деген әйел полицейлерге сенуден де қалғанын жасырмады.

Айта кетейік, бүгінде алматылық әйел тұрмысқа шығып, бала тәрбиелеп отыр. Алайда өзінің басынан өткен қорлығын күйеуіне айта алмаған.

"Күйеуім мені түсінбейді ме деп қорқамын. Әкем жайлы аздап хабары бар. Ал басқа оқиғаны айта алмадым.

Қазір әйелдің қоғамдағы орны мен түрлі тақырыптарды оқып жүрмін. Әйел әлсіз жаратылыс болғанымен, өзін қорлауға жол бермеуі керек екен", - деп сөзін қорытындылады келіншек.

Сіздің реакцияңыз
11
3
8
27
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel