Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 19 ғасырға тіркелген балаға қатысты ІІД түсініктеме берді

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі алты жастағы ұл баланың оғаш тіркемесіне қатысты түсініктеме берді. Қателік баланың тұрғылықты жерде тіркелмегендігінен орын алған деп хабарлайды NUR.KZ.

azh.kz
Көрнекі фото:azh.kz: Facebook

Алты жастағы бала тұрғылықты жерде тіркелмегендіктен 19-шы ғасырға тіркеліп кеткен деп түсіндірді ведомстодағылар.

Мекенжай ақпараты ЖСН жасалған кезде АХАЖ ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде енгізілгендігі анықталды.

"Оның тіркелген тұрғылықты мекен-жайы жоқ болғандықтан, ақпараттық жүйе автоматты түрде кез келген күнді қоя салған, яғни 30.12.1899ж", - деп хабалады ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Министрліктегілер баланың ата-анасы ХҚК орталығына барып, баланы тұрғылықты жеріне тіркеу керектігін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, баланың анасы Қарағанды қаласының халыққа қызмет көрсету орталығынан мекенжай анықтамасын алғанда оның 19-шы ғасырға тіркелгенін анықтаған болатын.

Анна Поголосова
Фото: Анна Поголосова: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1763902-karagandyda-19-gasyrga-tirkelgen-balaga-katysty-iid-tsinikteme-berdi/

pixel