RU

Қарттар үйіне жалаңаштанып келген даяшы жігіттер әжейлерге ұнап қалды

Англияның Колчестер қаласындағы "Милтон Лодж" қарттар үйінің әжейлері кешкі асқа қызмет етуге жартылай жалаңаш даяшыларды шақыртқан. Бұл туралы factum сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Essex Gazette/SWNS.com
Фото:Essex Gazette/SWNS.com: Facebook

Қарт әжейлерге "Іш киімдегі айғырлар" тобы келіп қызмет көрсеткен.

Кейуаналар қыздары мен немерелерін де шақыртқан екен. Олар шоуды тамашалап, соңында сымбатты жігіттер әжейлерге массаж жасап берген.
Essex Gazette/SWNS.com
Фото:Essex Gazette/SWNS.com: Facebook

Бұл идеяны шараны ұйымдастырған Клэр Мартинге 89 жастағы Джоан Корп тастаған көрінеді.

Одан қай уақытта болмасын, не қалайтынын сұраса, үнемі "еркек қалаймын" деп жауап береді екен.

Essex Gazette/SWNS.com
Фото:Essex Gazette/SWNS.com: Facebook
"Ол туған күніне осындай сыйлық қалайтынын айтқанда, біз таңғалмадық. Бәріміз бір ауыздан осы идеяны құптап, "Іш киімдегі айғырлар" компаниясының жігіттерін шақырдық. Олар бізге үш тағамнан тұратын кешкі ас ұсынды. Әжейлермен біраз қылымсып, көңілдері көтеріліп қалды", - деді Клэр Мартин.
Essex Gazette/SWNS.com
Фото:Essex Gazette/SWNS.com: Facebook
"Мен бірінші қатарда отырдым. Бәрі жақсы көрінді. Жігіттер тамаша өнер көрсетті. Керемет кеш болды", - деді 82 жастағы Гладас Смит.

Даяшылар әжейлерге массаж жасап, көңілдерін аулапты. Олар кеш бойы күліп, мәз болған.

Essex Gazette/SWNS.com
Фото: Essex Gazette/SWNS.com: Facebook

Милтон Лодж қарттар үйі Спаркл бастамасымен басқарылады. Оның қызметкерлері ақша жинап, қарттардың тілектерін орындайды екен.

Ең кәрі әжей Долл Дженкинс 99 жаста екен. Ол келер жылы 100 жыстық мерейтойына жігіттерді шақыруды өтінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763908-karttar-jine-zalaastanyp-kelgen-daasy-zigitter-zejlerge-nap-kaldy.html