RU
Степногорск тұрғыны 14 жасар ұлының терезеден секіріп өлгеніне сенбейді
Жаңалықтар Қоғам

Степногорск тұрғыны 14 жасар ұлының терезеден секіріп өлгеніне сенбейді

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы Степногорск қаласында терезеден секіріп өлген 14 жасар баланың ата-анасы оның суицид жасағанына сенбей отыр. Олар перзенті оқыған білім ордасында мамандардың жауапқа тартылғанын қалайды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Дәуреннің анасы. Видеодан кадр: КТК арнасы

Дәуреннің анасы. Видеодан кадр: КТК арнасы

11 қыркүйек күні Дәурен Меделхан атты 14 жастағы оқушы дарынды балаларға арналған мектеп-интернеттың бесінші қабатынан құлап мерт болған. Полиция мәліметінше, жасөспірім түн ішінде өзіне қол салыпты.

Алайда баланың анасы оны біреу әдейі құлатып жіберді деп санайды. Себебі тек жоғарғы бөлігі ашылатын терезеден адамның өздігінен секіріп кетуі мүмкін емес дейді.

Айтуынша, тәрбиешілер тексеріс жүргізбейтін жатақханада үлкендердің кішіге сес көрсету оқиғасы жиі болады.
Дәурен құлаған бөлмедегі терезе. Видеодан кадр: КТК арнасы

Дәурен құлаған бөлмедегі терезе. Видеодан кадр: КТК арнасы

Ал «Болашақ» дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының директоры Күлшира Тұрғанбаева сот шешімі шықпайынша ешнәрсе айта алмаймыз деп отыр.

"Осы оқиғадан кейін қызметтік тексеріс болды. Маған, орынбасарыма психолог маман мен тәрбиешіге қатаң сөгіс жарияланды. Тәрбиешінің екі көмекшісі қызметінен кетті. Басқа ешнәрсе айта алмаймыз, тергеу жүріп жатыр", - дейді ол.

Қайғыдан қан жұтқан әйел енді баласын сеніп тапсырған мамандардың жауапқа тартылғанын қалайды. Ол білім ордасы қызметкерлерін сотқа бермекші.

Қазіргі таңда өлімге итермелеу бабы бойынша іс қозғалған. Тағайындалған сараптамалардың қортындысы шыққан соң процессуалдық шешім қабылданады дейді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel