RU
Астанада ВИЧ жұқтырғандардың 12 пайызы гомосексуалдар болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада ВИЧ жұқтырғандардың 12 пайызы гомосексуалдар болып шықты

Рассказать Вконтакте

Астанада ВИЧ жұқтырғандардың 12 пайызы гомосексуалдар болып шықты. Бұл туралы елордада бір ай бойына созылған "Знай свой статус" шарасы аясында белгілі болды деп жазады ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ca-news.org

Фото: ca-news.org
Source: Facebook

Елорда әкімшілігінің баспасөз қызметі бүгінгі күні кез келген адам ауыр дертке тегін тексеріле алатынын хабарлады.

Анықталғандай, тоғыз айдың қорытындысы бойынша орталықта 224 мың 428 адам тексірілді. Бұл дегеніміз қаланың 20%-ын құрайды.

"Олардың 77%-ын бастапқы кезеңінде анықтадық. Уақытылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында ЖҚТБ салдарынан болатын өлім санын екі есеге азайттық.

Былтыр ол 1,3% болса, биыл 0,7% -ды құрады. Егер былтырғы көрсеткіш бойынша бұл ауруға шалдығу оқиғасы 170 мәрте тіркелсе, осы жылы тек 150 болып отыр. Бұл тұрғыда да белгілі дәрежедегі төмендеу байқалуда.

Әрине өзінің ЖҚТБ-ға шалдыққанын білген адамдармен кәсіби психологтар жұмыс істейді. Себебі, олар күйзеліске ұшырауы мүмкін" , - деді ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдіраимов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні ЖҚТБ-ны жұқтыру жыныстық қатынас арқылы белсенді түрде жүріп жатыр. Мұндай оқиғалар жалпы дертке шалдыққандардың 79,4%-да кездеседі. Ал 12,4%-ы гомосексуалистер болып шықты.

Қауіпті жағдайға тап болғандар қатарында гомосексуалистермен қатар секс саласында қызмет ететін адамдар бар.

Оларға үнемі мүшеқаптар таратылып, қажетті ақпараттық-танымдық мәліметтер беріліп тұрады. Оған қоса, түнгі клубтарға да рейдтер жасалынады.

Астанадағы ЖҚТБ-ны жұқтырғандардың 25%-ы ішкі мигранттар, ал 5%-ы шетелдіктер.

"Бірінші қазанда бізге 989 адам тіркелінді. Олардың 63%-ы антиретровирустық терапияны қабылдауда. Яғни бұл дегеніміз 616 науқас. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 214 адамға көп.
Оған қоса, бүгінгі күні Астанада ЖҚТБ-ны еңсерген оншақты әйел дүниеге сау баланы әкелді. Олар уақытылы емделіп, диета ұстанудың арқасында сырқатты жеңді " , - деді бас дәрігер.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel