RU
Ренат Гайсинмен кездесіп жүрген отандық әншінің жағын сындырып кетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ренат Гайсинмен кездесіп жүрген отандық әншінің жағын сындырып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал композитор Ринат Гайсинмен көңіл жарастырған отандық әнші Dinaya-ны белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Ерні жыртылған әнші өзінің қазіргі жағдайы жайлы мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Денсаулығы туралы ағынан жарылған әнші Instagram желісіндегі оқырмандарынан мұны кімнің істегенін сұрамауды өтінген.

"Белгілі себептермен бір ай бойы қоғамнан оқшауланып қалдым. Алайда менің суреттерім желіге таралып кеткен екен.

Мен үшін алаңдағандарыңызға алғыс білдіремін. Ең бастысы тірімін. Жағым тәуір болып, сөйлей алатын деңгейге жеттім. Қазір жағдайым жақсарғандықтан, қайта жұмысқа шықтым.

Менің қазір тек сыртқы келбетім ғана емес, ішкі жан дүнием де ауырып жатыр. Өтініш, менен "Кім?", "Неге істеді" деп сұрамаңыздаршы", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші өзін Ринат Гайсинмен көңіл қосты дегендерге жауап берген болатын.

Сондай-ақ, Dinaya "Если честно" бағдарламасында композитормен кездесіп жүргенін мойындады.

Айта кетейік, Dinaya-ның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
2
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel