RU
Енесі мен күйеуінен сөз естіген қырғыз келіншек суға батып өлді
Жаңалықтар Әлемде

Енесі мен күйеуінен сөз естіген қырғыз келіншек суға батып өлді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстандағы Ош облысы Қара-Су ауданында 21 жастағы келіншек отбасылық кикілжіңнен кейін суға батып өлген. Бұл туралы turmush.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: turmush.kg

Фото: turmush.kg
Source: UGC

Аталмыш іске қатысты марқұмның жары мен енесінің үстінен өлімге итермелеу бабы бойынша іс қозғалып, бернеше сараптамалар тағайындалған.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 3 қараша күні Қара су ауданындағы бөлімшеге марқұмның анасы келіп, қызының жоғалғанын айтып арызданады.

Оны іздеу жұмыстары кезінде 1997 жылғы келіншектің денесі Кожоабад каналының жағасынан табылыпты.

Алдын ала мәлімет бойынша, келіншек жоғалмас бұрын көршілері оның үйінен айқау-шудың дауысын естіген. Енесі келініне қантты төгіп алғаны үшін ұрысқан көрінеді. Ал күйеуі оны оқтаумен сабап тастапты.

Жарынан таяқ жеген әйел көршілерінен қарызға 20 сом сұрайды да екі баласын үйінде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалады.

21 жастағы әйелдің туыстары қайын жұрты өзіне қол салуға итермеледі деп санайды.

"Себебі ол қарапайым, мінезі салмақты қыз болатын", - дейді әпкесі Роза Юсубалиева.

Алайда енесі келінімнің көңіліне келетін ешнәрсе айтпадым деп ақталады. Бар болғаны өз ақылын айтып, күйеуінен таяқ жеп жатқан сәтте арасына түскенін айтуда.

Айта кетейік, келіншектің артында ұлы мен қызы жетім қалды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
10
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel