RU

"BMW" көлігін ұрлаған 23 жастағы қыз ұятқа қалды

Бішкек қаласының Сведловский ауданында көлік ұрлады деген күдікпен 23 жастағы азаматша тұтқындалды деп хабарлайды «Сводка» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

svodka.akipress.org
Фото:svodka.akipress.org: Facebook

Жетінші қараша күні Бішкек тұрғыны өзінің "BMW" көлігіне бейтаныс қыздың мініп алып, оқиға орнынан ізін суытқанын айтып арызданған.

Аталмыш факті бойынша тергеушілер Қырғызстан республикасы Қылмыстық кодексінің 172 бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 1995 жылғы қызды тұтқындады.

Бойжеткенге тағы 5 көлік ұрлады деген айып тағылып отыр. Айыпталушы сот үкімі бойынша бір айға бас бостандығынан айырылды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763930-bmw-kligin-rlagan-23-zastagy-kyz-atka-kaldy.html