RU

Ауыр жарақат алған Еркебұлан Сейдахметке ота жасалды (фото)

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметке Мюнхендегі Schön ауруханасында ота жасалынды. Жас футболшы аса ауыр жарақат алған соң неміс дәрігерлерінің көмегіне жүгінген деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот Intsagram
Фото: Скриншот Intsagram: Twitter

Бұл туралы 18 жастағы аяқдопшының өзі Instаgram желісінде хабарлаған. Еркебұлан Сейдахмет парақшасына отадан кейінгі суретін жүктеді.

"Бәрі жақсы. Енді ғана ояндым", - деген жазба қалдырды футболшы.

Қазақстан құрамасының жас ойыншысы жаттығу кезінде аса ауыр жарақат алып, нәтижесінде үш айдай алаңға шықпайтын болды.

Биыл Еркебұлан Сейдахмет ұлттар лигасы аясындағы төрт ойынға қатысып, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763931-auyr-zarakat-algan-erkeblan-sejdahmetke-ota-zasaldy-foto.html