RU
"Жаннадан туған балаңды көрсет": Бесбаевты тыңдармандары сөгіп тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жаннадан туған балаңды көрсет": Бесбаевты тыңдармандары сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі бағдарламалардың бірінде қонақ болған Мейрамбек Бесбаевқа тыңдармандары сұрақты қарша боратты. Оның ішінде әншіге: "Жанна Әбуовадан туған ұлыңды көрсет", - деп талап қойғандар да бар деп жазады NUR.KZ.

Бесбаев, Жанна Әбуова. Фото:qamshy.kz, nur.kz

Бесбаев, Жанна Әбуова. Фото:qamshy.kz, nur.kz
Source: Instagram

Ел арасында "Мейрамбек Бесбаев пен продюсер Жанна Әбуованың ортақ ұлдары бар" деген қауесет тарағалы біраз уақыт өтті. Алайда көпшілік арасындағы қаңқу сөзге екі тарап әлі күнге дейін жауап бермеген.

"Мейрамбек аға, Жаннадан туған ұлыңды өз балаларыңмен таныстырып, бір қуантшы. Сырттағы баласын мойындамай жүріп, халықтың қамын жейтін болып көрінгеннен не пайда? Сыртта бір сәби әкесін сағынып, жетімсіреп жүр ғой".

"Осы Мейрамбектен Жанна Әбуовамен қарым қатынасын, ортада өсіп келе жатқан баласын батылы жетім кім сұрар екен? Кімнің дәті жетеді екен?", "Өзге әйелдің қолындағы ұлыңызға жүрегіңіз ауырмай ма?" деп жазды Instagram желісін қолданушылар.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Жанна Әбуованың ұлының әкесі жайлы айтқан сұхбаты желіге таралып кетті.

Оқырман пікірі. Фото: Ләйлә Сұлтанқызның жеке парақшасынан скриншот. Коллаж: NUR.KZ

Оқырман пікірі. Фото: Ләйлә Сұлтанқызның жеке парақшасынан скриншот. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Естеріңізге сала кетейік, Мейрамбек Бесбаевтің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
11
6
8
5
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel