Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішімдікке салынған танымал жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Жұлдыздардың өміріне көпшілік қызғана қарайды, олар экраннан қымбат үйлерін, демалыстарын, үздіксіз сауықкештері мен мінсіз сырт келбеттерін көрсетіп жатады. Алайда жұлдыз болу оңай емес, кейбіреуі осы ауыр жүкті көтере алмай, ішімдіктен өзіне жұбаныш іздеп жатады екен. Осы орайда bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ішімдікке құмар жұлдыздардың топтамасын ұсынады.

Линдси Лохан

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Ол Голливудтың бұзық қызы аталып кеткен. Актрисаның мансабы бала кезінде басталған, сондықтан тәжірибесіз бойжеткен есірткі, ішімдік сынды жаман әдеттерге құмартып кеткен. Ал 30 жасқа келген кезде Линдсиді жеңілтек, жанжал шығарғыш деген атаққа ие болды. Ал мас күйіндегі қылықтары аңызға айналған. Дегенмен, қазір Линдси ақыл тоқтатып, уақытын сауықкештерде емес, туғандарымен өткізуді ұнататынын айтады.

Зак Эфрон

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Актер Зак Эфрон миллиондаған қыздың сүйіктісі. Алайда арулардың көпшілігі сымбатты жігіттің нашақорлықтан емделіп, содан кейін ішімдікке салынып кеткенін білмейді. Жігіт ол әуестігінен әлі де арыла алмаған деген қауесеттер жоқ емес.

Мэл Гибсон

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Мэл Гибсонның мас күйіндегі әрекеттері туралы шытырман оқиғалы фильм түсіруге болады. Бір жолы ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін тоқтатқан полицеймен төбелесіп қалған. Дәрігерлер оған ресми түрде "есалаң" деген диагноз қойған.

Джонни Депп

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Голливуд жұлдызы Джонни Депп беделінен айырыла бастады. Әрине, соңғы кездері оның өмірінде көп қиыншылықтар болды. Эмбер Хердпен ажырасты, сот ұзаққа созылды, бизнес-менеджері алдап кетті, қомақты ақшадан айырылды. Осы қиындықтарға төтеп бере алмаған актер ішімдікке салынып, енді соның салдарынан қиналуда.

Оззи Осборн

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Рок-музыкантты "ең танымал алқаш" деп атайды. Мас қылықтарының салдарынан әншінің отбасында талай жанжал шыққан.

Кейт Мосс

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Кейт Мосс 1990 мен 2000 жылдардың ең қымбат моделі болған, бірақ ол есірткіге құмартқан жұлдыздардың көшін бастаған. Қазір ол жайында баспасөз жақсы нәрсе аз жазады. Ол әрдайым ішімдікке жақын болған, бірақ 2016 жылы жігітімен айырылысқаннан кейін модель ішімдіктің жетегінде кетіп, Таиландқа барып емделген.

Брэд Питт

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Брэд Питт Анджелина Джоли екеуінің некесін осы ішімдік құртқанын бірнеше мәрте айтқан. Актердің айтуынша, ол колледж кезінен бері күнде кешке ішімдік ішеді екен.

"Мені дұрыс түсініңіздер, біз өзіміз шарап өндіреміз. Шарапты жақсы көремін, бірақ қашан тоқтау керегін білмеймін. Ал арақты орыстардан да бетер ішемін", - дейді Брэд Питт бір сұқбатында.

Бен Аффлек

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Актердің шығармашылығын бақылап жүргендер соңғы кездері оның өңі қашып кеткенін байқаған болар. Актер маскүнемдіктен шаршағанын мойындаған.

Адель

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Әнші Адельдің де ішімдікпен қиындықтары болады деп кім ойлаған? Ішкі толқыныстары әншіге көптеген әсем әндер жазуға септігін тигізген, десе де оның күйзеліске ұшырап, ішімдікке салынуына да себеп болған. Алайда ішімдіктен дауысы отыра бастағанда Адель өзін қолға алып, шығармашылыққа бет бұрған.

Дерик Уибли

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Sum 41 тобының әншісі ішімдіктің кесірінен ажал құша жаздаған. Рок-музыканттардың басым көпшілігі сияқты ол да тым көп ішкен екен. Әнші 17 жасынан бастап ішіп, сау болудың қандай екенін ұмытып қалған кездері де болғанын мойындаған.

Бір жолы бір шөлмек арақты тауысып, есінен танып қалған. Содан кейін ауруханада оянған. Оның бауыры мен бүйректері істемей қалған. Сол күні дәрігер оған: "Жігітім, сен өлесің" деп айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763970-isimdikke-salyngan-tanymal-zldyzdar-kimder/

pixel