RU
Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде бір апта бұрын балшыққа батып тұрғанын айтып, көмек сұраған кәсіпкер әлі табылмай жатыр. Туыстары Кенжебай Алдашевқа қатысты сенімді ақпарат жеткізген адамға сүйінші беруге дайын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Кенжебай Алдашев

Кенжебай Алдашев

Хабарсыз кеткен отағасыдан үмітін үзбеген жұбайының айтуынша, бақсы-балгерлер оның тірі екенін айтыпты. Енді келіншек күйеуіне қатысты қандай да бір шынайы ақпарат берген жанға 1 млн теңге сыйақы дайындап отырғандарын жеткізді.

"Үмітпен бақсы-балгерлерге барып жатырмыз. Бәрі тірі деп отыр. Тек бір ғана адам "сай түбінде жатыр" деді. Жолдасым туралы қандай да бір нақты ақпарат айтқан адамға сыйақымыз бар. Сенімді ақпарат үшін 1 млн теңге беруге дайынбыз. Қазіргі күні ең болмаса денесі табылса екен деген тілекте отырмын. Балаларының алдында денесін арулап қойғым келеді. Жамандыққа қиып, үмітімді үзгім де келмейді. Ол отбасын ойлайтын азамат, үйден шығып жүре бермейді. Фермада болған күннің өзінде күнделікті хабарласып тұрады", - дейді жұбайы Ғалия Алдашева.
Ғалия Алдашев

Ғалия Алдашев

54 жастағы Кенжебай Алдашевті полиция, төтенше жағдай қызметі, еріктілер мен тума-туыстан құралған топ әлі іздестіріп жатыр.

Кәсіпкерді іздеп жатқан топ. Фото: aktobenews.kz

Кәсіпкерді іздеп жатқан топ. Фото: aktobenews.kz

"Жолдасым кешкілік ферма жақтан шығып, дүкеннен нан мен темекі алуға кеткен адам. 10 қараша күні таңғы сағат төрттен кейінгі уақытта көмек сұрап, жездеме хабарласқан. "Мені құтқарыңдаршы, аяғымды балшықтан шығара алмай жатырмын, тоңдым. Талдан ұстап, шыға алмай тұрмын" деген. Ол кісі жанұшыра құдамызға хабарласқан. Құда мен жездем бір сағаттың ішінде айтқан жеріне барған, таппаған. Жолдасым жездеме бір сағаттан аса үздіксіз қоңырау соққан. Бірақ, байланыс үзіліп кетіп, сөйлесе алмаған. Шамасы телефон қуаты бітіп жатса керек. Үш баламның әкесі табылса деген тілекте отырмын", - дейді Ғалия Алдашева.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қараша күні Ақтөбе облысында құс фермасы бар кәсіпкердің жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді. Кенжебай Алдашев соңғы рет туысқанынан көмек сұрап хабарласқан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel