RU
Рамзан Қадыров бес жасар спортшыға су жаңа Mercedes сыйлады (видео)
Жаңалықтар Спорт

Рамзан Қадыров бес жасар спортшыға су жаңа Mercedes сыйлады (видео)

Рассказать Вконтакте

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бес жасар Рахим Куриевпен кездесті. Жас спортшы 4105 рет тоқтаусыз жерден кеудесін көтеру жаттығуын жасап, рекорд орнатқан болатын деп хабарлайды kabarlar.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : РИА Новости

Фото : РИА Новости
Source: UGC

"Өңірдегі Ахмат-Хаджи Кадыров атындағы қоғамдық қордың президенті Аймани Несиевна саған мына көлікті беріп жіберді. Әкең енді осы көлікпен алып жүретін болсын. Сен бұдан да жақсы сыйға лайықсың", - деді Кадыров.

Кішкентай спортшы су жаңа Mercedes көлігінің капотына шығып, Кадыровқа жұртты таңғалдырған жаттығуын көрсетті. Ол бес мың ретке дейін кеудесін жерден көтере алатынын айтып мақтанған.

Еске салсақ, Рахим Куриев екі сағат 26 минут ішінде 4105 рет тоқтаусыз жерден кеудесін көтеру жаттығуын жасап, әлемдік рекорд орнатты. Алайда баланың жетістігі Ресейдің рекордтар кітабына болмашы себептер үшін енбей қалған.

Рамзан Қадыров өз кезегінде спортшының жаттығуды қайталап көрсете алатынына сенім білдіріп, оған сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
30
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel