RU
Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек сүйікті футбол командасын қолдаймын деп ауруханаға түсті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек сүйікті футбол командасын қолдаймын деп ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде суық ауа райына қарамастан, 90 минут бойы сүйікті футбол командасына жанкүйерлік еткен жүкті әйел ауруханадан бір-ақ шықты. Дәрігерлер оның өкпесі қабынғанын айтуда деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Фото: aktobenews.kz

Фото: aktobenews.kz
Source: Getty Images

Ақ халаттылар сөзіне сүйенсек, жексенбі күні "Ақтөбе" футбол командасының ойынын стадионда тамашалаған әйел үш күннен бері ауруханада ем қабылдап жатыр.

1998 жылғы науқас ауруын бірден байқамай, қызуы қатты көтерілгенде дәрігерлер көмегіне жүгінген. Қазір оның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді дейді мамандар.

Ақтөбе медицина орталығының пульмонолог дәрігері Динара Каримолдаеваның сөзіне сүйенсек, аталмыш өңірде өкпе қабынуынан зардап шегетіндер саны көбейген. Биылғы жылдың 9 айында 1853 адам пневмония диагнозымен тіркеліпті.

"Пневмонияның негізгі емдеу шарасы – антибиотиктер терапиясы. Науқастың анализ нәтижесіне байланысты дәрілер тағайындаймыз. Науқас оңалып жатса, емханалық деңгейдегі бақылауға аламыз. 10 күн ішінде біздің ауруханаға 10 адам пневмония диагнозымен түседі", — дейді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel