RU
Ayree: Өнерге келуіме ата-анам қарсы болды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ayree: Өнерге келуіме ата-анам қарсы болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Ayree өзінің жұмысқа көп уақыты мен күшін жұмсайтынын мәлім етті. Тіпті әнші тынымсыз тіршілігіне кейде ата-анасының өзі ренжіп жататынын "Ойбай Life" бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

26 жастағы бойжеткен жексенбі күні ел қатарлы демалмай, керісінше тынбай жұмыс істейтінін атап өтті.

"Жұмыстан үйге келсем, тыныш отыра алмаймын. Ата-анам осыған қатты ұрысып, ренжиді. Тіпті жексенбі күні демалмағаныма қарсы болып жатады. Бірақ түсіністік танытуға тырысады", - деп ағынан жарылған әншінің ата-анасы өнерге келуіне қарсы болыпты.
"Олар өнер жолының ауыр екендігін білгендіктен, қарсы болды. Ата-анам шоу-бизнестегі қиыншылықтарды біледі. Сондықтан мені бұл жолдан қорғағысы келген болар. Әке-шешем менің домбырашы болғанымды, өнер әлеміне шәкірт тәрбиелегенімді қалады", - дейді Ayree.

Айта кетейік, осыған дейін Ayree өзінің болашақ күйеуіне қоятын талаптарын айтқан еді.

Отандық әнші қазақ эстрадасындағы кәсіби әншілер жайлы да өз көзқарасын білдірген.

Ал күні кеше жас әнші хайп қуған әріптестерінің не үшін ондай әрекет жасайтынын жайып салды.

Ayree-дің өмірінде болған өзгерістер жайлы толығырақ "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Ayree-дің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдауға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel