RU

Ауа райы болжамы: Демалыс күндері елімізде күн жылынады

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынады. Мұндай болжамды "Қазгидромет" орталығының мамандары ұсынады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: Joinfo.ua
Көрнекі фото: Joinfo.ua: UGC

Метеоболжамдарға сәйкес, сенбі және жексенбі күндері, яғни 17-18 қарашада атлант циклондарының әсерінен Қазақстанның көптеген өңірінде ауа температурасы көтеріледі.

Әсіресе оңтүстік өңір тұрғындарын жылы күндер қуантпақ.

Алайда кей облыстарда қар жауып, дауылды жел тұруы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764002-aua-rajy-bolzamy-demalys-knderi-elimizde-kn-zylynady.html