RU
Павлодарда бір қорап рафаэллоны сыйлыққа алған ЦОН қызметкерінің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда бір қорап рафаэллоны сыйлыққа алған ЦОН қызметкерінің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда ЦОН қызметкері бір қорап рафаэлло үшін қатаң сөгіс алды деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:otzovik.com

Фото:otzovik.com
Source: Instagram

Сыйлыққа берілген бір қорап тәтті мемлекеттік қорға салынғанына қарамастан, ЦОН қызметкеріне тәртіптік жаза тағайындалған.

Павлодар облысы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Назымбек Бекжановтың айтуынша, бұл сәт видеоға түсіп қалған.

"Қызметкер әйел сыйлықты ережеде көрсетілген уақытта мемлекеттік қорға табыстаған. Осыған қарамастан, ЦОН басшылығы оған қатаң тәртіптік жаза тағайындады. Себебі, бұл сәтті орталыққа келген халық байқап үлгерген", - деді Назымбек Бекжанов.

Бекжановтың сөзінше, биылғы жылы мемлекеттік қызметкерлер мұндай сыйлықтың 21-ін мемлекет меншігіне өткізген.

"Олардың арасында темекі, тәттілер, ішімдік пен суреттер бар. Мемлекеттік қызметкерлер мұндай сыйлықтарды жеті күн ішінде өткізе алады. Сыйлықтарды қызметкерлер мемлекет меншігіне өткізіп, қайта сатып алуына болады.
Тіпті бес теңге тұратын қаламның өзі заңсыз материалдық сыйлық болып табылады", - дейді Назымбек Бекжанов.
Сіздің реакцияңыз
7
3
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel