Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда ағаштардың басын кесіп тастауға 10 млн теңге ақша бөлінген

Опубликовано:

Қостанайда қаланың қақ ортасындағы ағаштардың басы кесіліп, көшелер сұрықсыз кейіпке енуде. Шенеуніктер тіпті, бұл мақсатта бюджеттен 10 млн теңгеге жуық қаражат бөлген екен деп хабарлайды kstnews.kz.

Фото: Костанайские новости
Фото: Костанайские новости: Original

Қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алексей Тарасов қала ішіндегі ағаштардың басы неліктен кесіліп жатқандығын айтып берді.

"Ағаштар бұдан кейін өліп қалмайды, керісінше кесілген жерлердің орнына жаңа өскін шығып, бүршік жарады. Бұл мақсатта біз арнайы компаниялардың көмегіне жүгінеміз. Негізі жыл сайын үш мыңға жуық жас ағаш отырғызылады.
Ағаштардың басын кесу оларды түрлі пішінге келтіруге мүмкіндік береді. Біреулерге ұнамауы мүмкін, бірақ ол эстетикалық тұрғыдан әдемірек көренеді. Жай ағаштан гөрі, қырқылған, қандай да бір пішінге келтірілген ағаш әлдеқайда әдемі көрінеді. Бұл үшін бюджеттен 10 млн теңге бөлінді", - деп айтқан шенеунік.

Ал тілшінің "Алматыда Қостанайдағы ағаштардан да биік тоғайлар бар. Олардың басын ешкім кеспейді. Неліктен бұл жұмысқа ден қойылып отыр?" деген сауалына:

"Әркімнің өз талғамы бар. Бір қызығы тіпті, бізге ағаштарды қиғызғанымыз үшін телефон соғып, алғыс айтатындар да бар. Ондай қоңыраудың саны үш мыңнан асты" - деп жауап берген Алексей Тарасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764014-kostanajda-agastardy-basyn-kesip-tastauga-10-mln-tege-aksa-blingen/

pixel