RU

"Құдайға жалынып отырдық": Qazaq Air ұшағы Алматыдан шыға сала қайта қонған

Алматыдан Астанаға бағыт алған Qazaq Air ұшағы әуеде аздаған уақыт қалықтап, оңтүстік астанадағы әуежайға қайтып қонды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: flyqazaq.com
Фото: flyqazaq.com: UGC

Жолаушылардың айтуынша, әуеге көтерілген ұшақ 20 минут өткен соң шайқала бастаған. Сол арада командир қиындық туындағанын айтып, Алматыға қайта оралатындарын хабарлайды.

"Бортта шу көтерілген жоқ, тек барлығымыз құдайға жалынып отырдық", - дейді Данияр.

Әуе компаниясы аталмыш деректі растап, оқиға 2015 жылы шығарылған Bombardier Q400 NextGen ұшағында орын алғанын мәлім етті.

Әуе кемесі осы жылы толықтай техникалық тексерістен өткен екен. Алайда Qazaq Air ұшақтың неліктен қайтып оралғанын жария етпеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764018-kdajga-zalynyp-otyrdyk-qazaq-air-sagy-almatydan-syga-sala-kajta-kongan.html