RU
Сүйіктісінің опасыздығын білген қалындық той күні оның масқарасын шығарды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйіктісінің опасыздығын білген қалындық той күні оның масқарасын шығарды

Рассказать Вконтакте

Австралияда тұрмысқа шыққалы жатқан бойжеткен той алдында болашақ күйеуінің көзге шөп салып жүргенін біліп қойды. Алайда, қалындық опасыздық танытқан сүйіктісімен қарым-қатынасты оңайшылықпен тоқтата салмай, некелесу күні ел алдында оның масқарасын шығарған деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pixabay

Фото: pixabay
Source: Facebook

Кейси сүйіктісіне тұрмысқа шығатынына қуанып, бақыттан басы айнала тойға дайындалып жүргенде үстінен жай түскендей болған. Ол қыз ойнағы кезінде болашақ жұбайының көзге шөп салып жүргенін біліп қояды.

Арудың ұялы телефонына келген хабарламада белгісіз біреу күйеужігіттің оның көзіне шөп салып жүргенін жазған. Оған қоса, ол дәлел ретінде ер жігіттің басқа қыздармен қалай сөйлескен көрсетіп, бәрін тіз қатар тізіп берген.

Мұны естіген қалындық көз жасын тоқтата алмаған. Той алдында болашақ жұбайы жайлы мұндайды естіген аруды құрбылары барынша қолдап, некелесуден бас тартуына кеңес берді. Алайда, ол жігітінің оңайшылықпен құтылып кететінін қаламай, одан ерекше түрде кек алуды жоспарлайды.

Той күні Кейси түк болмағандай күй танытып, ел жиналған сәтте опасыздық жасаған ғашығының масқарасын шығарған. Ол жұртшылықтың алдында оның басқа қыздармен қалай сөйлесетінін оқып берген.

Нәтижесінде, ұяттан жерге кіріп кете жаздаған күйеужігіт өз тойынан ұл жолдасымен бірге қашып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
4
1
4
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel