RU
"Оның жұлдызы сөнбейді": Димаш Құдайберген Денис Тенді еске алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Оның жұлдызы сөнбейді": Димаш Құдайберген Денис Тенді еске алды

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген Денис Тенмен достығы туралы айтып, танымал спортшы жайлы естеліктерімен бөлісті. Эстрада жұлдызы Астанаға келе салып, мәнерлеп сырғанаушының құрметіне ашылған көрмеге барып қайтқан деп жазады bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz
Source: Facebook

"Денис Тен күллі Қазақстан халқының мақтанышы. Оның жұлдызы ешқашан сөнбейді. Мен кеше елордаға келіп, бірден оның құрметіне ашылған көрмеге бардым. Ол жерге жалғыз баруды жөн көрдім. Денисті мақтаудың да өзі артық. Ол біртуар адам еді. Сіздер оны мықты спортшы ретінде білсеңіздер, мен оны адал дос ретінде білдім", - деді әнші.

Димаш Құдайберген марқұм досының қарапайымдылығына тәнті болғанын айтты.

"Ол өте қарапайым әрі ақкөңіл адам болды. Біз тіпті оның қарапайым асханаға баратынына қалжындайтынбыз. Оның бойынан өзін жұлдыз санап, өзімшілдік танытқанын мүлде көрмегенмін. Біз бұрыннан таныспыз, тек соңғы жылдары тым қатты жақын жос болып кеттік.
Біз бірге үлкен сахнада өнер көрсетсек деп армандаушы едік. Пекинде және тағы бірнеше қалада бірге ән салсақ деп ойлағанбыз. Өкінішке жоспарымыз іске аспады. Енді ол әнді мен Лондонда жалғыз орындайтын боламын" , - деп қорытындылады Димаш Құдайберген.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel