RU
Балқаш көліне балық аулауға шыққан екі жігіт жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Балқаш көліне балық аулауға шыққан екі жігіт жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Балқаш көліне балық аулауға шыққан екі жігіт жоғалып кетті. Олардың катері аударылып қалғаны анықталды. Алайда, азаматтардың өздері әлі табылмай жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru
Source: Facebook

Із-түзсіз жоғалып кеткендерді Жамбыл және Қарағанды облыстарының құтқарушылар төрт күннен бері іздестіріп жатыр.

Анықталғандай балық аулауға төрт құрдас шыққан. Алайда, жігіттер екіге бөлініп кетеді. Бірнеше сағаттан соң, екі ер адам танысы арқылы су көлігінің бұзылып қалғаны жөнінде төтенше жағдай қызметіне хабар берді. Нәтижесінде олар құтқарылып, дін-аман қалған.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот
Source: Facebook

Ал қалған екі жігіт жөнінде ақпарат әлі жоқ. Балық аулауға шыққан азаматтардың не өлі, не тірі екені әзірге белгісіз. Құтқарушылар олардың аударылған катері мен сыртқы киімдерін ғана тапқан.

Төтенше жағдай қызметіне қалың мұз бен қар кедергі келтіріп жатыр. Бүгінде іздестіру жұмысына тікұшақ жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel