RU
Қызылордада тәртіп сақшысы әйелінің әпкесін пышақтап тастаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылордада тәртіп сақшысы әйелінің әпкесін пышақтап тастаған

Рассказать Вконтакте

Қызылордада бұрынғы полицей өз әйелінің әпкесін пышақтап тастағаны үшін он жылға сотталды деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Pngtree

Фото: Pngtree
Source: Instagram

Ер адам туысқанын мас күйінде пышақтап тастағаны белгілі болды. Анықталғандай азамат әйелімен ұрысып қалғандықтан, келіншек әпкесінің үйіне кетіп қалған. Ол туысына күйеуінің өзін соғып тастағанына шағымданған.

Туғанына жақтаспақ болған әйел адам әпкесінің күйеуіне барып, оның үстінен арыз жазбақшы екенін жеткізеді. Екеуінің арасында орын алған кикілжің барысында ер адам оның кеудесіне пышақ сұғып алған. Зардап шеккен келіншек ауруханада көз жұмған. Анықталғандай, ол сол қалпы есін жимады.

Сотта бұрынғы тәртіп сақшысының кінәсі толығымен дәлелденіп, оған он жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Оған қоса, азамат аға сержант атағынан айырылып, марқұмның туыстарына екі миллион төлеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз
0
6
3
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel