RU
Қызылорда облысындағы автобус апаты: Тағы бір адам көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылорда облысындағы автобус апаты: Тағы бір адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында екі автобустың соқтығысуынан құрбан болғандар саны үшеуге жетті. Өткен түні ауруханада тағы бір адам көз жұмған. Қазір 39 адам ауруханада жатыр деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр: instagram-паблика kris_p_brothers

Кадр: instagram-паблика kris_p_brothers
Source: Facebook

Комитеттің мәліметінше, тағы бір адам жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, қайтыс болған үшінші жолаушы ауыр жарақат алған бала.

Осылайша жол апатынан қаза болғандардың саны үш адамды құраған. Ал қазір ауруханада түрлі жарақат алған 39 адам қалып отыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 қараша күні кешкісін Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылынан 10 шақырым жерде болған.

Бірінің ішінде 37, екіншісінде 32 жолаушысы бар екі автобус соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 14 адам ауруханаға жетікізілген еді.

Зардап шеккендердің арасында балалардың бары хабарланған. Ал кешірек әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel