RU
2019 жылы қасиетті Рамазан айының қашан басталатыны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

2019 жылы қасиетті Рамазан айының қашан басталатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылғы діни мереке күндерінің кестесін жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: РИА Новости / Максим Богодвид

Фото: РИА Новости / Максим Богодвид
Source: Facebook

Келер жылы күллі мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбіде басталмақ.

Ал Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. Артынша 4 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады.

Мұсылман қауымның тағы бір мерекесі Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр. Арапа 10 тамызға белгіленген.

Сондай-ақ, 9 қыркүйек — Ашура күні, 8-9 қараша — жер бетіндегі барша мұсылман Мәуліт түні мерекесін қарсы алады.

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
2
2
35
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel