RU
Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаев тағы үй қамаққа алынды
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаев тағы үй қамаққа алынды

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Пресненский соты күні кеше ұсталған қазақстандық бизнесмен Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы шешімнен бас тартты деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ТОО "Алма ТВ"

Фото: ТОО "Алма ТВ"
Source: Facebook

Сот Ертаевқа 26-шы желтоқсанға дейін үй қамақта қалдыру туралы шешім шығарған.

Осылайша Пресненский соты кезекті рет прокурордың Жомарт Ертаевқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі өтінішінхатын қанағаттандырмаған.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық бизнесменнің Ресей астанасында ұсталғаны хабарланған. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, бұрынғы банкирді босқын мәртебесінен айырған.

Айта кетейік, Жомарт Ертаев Мәскеуде алғаш рет ұсталып отырған жоқ. Осы жылдың мамыр айында банкирді ресейлік құзырлы орған өкілдері тұтқындаған болатын. Алайда алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Ертаевты кейінірек босатып жіберген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel