RU
Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған ер адамды көлік қағып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған ер адамды көлік қағып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда рұқсат етілмеген жерден өтпек болған ер адамды көлік қағып кетіп, жүргінші оқиға орнында қаза болған. Қайғылы оқиға Құлжа трактісінің бойындағы Гүлдала ауылының маңында орын алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Полицияның мәліметінше, ер адам "Рахым" мейрамханасынан шығып жолдан өтеді. Кейін бір затын ұмытып кетсе керек, мейрамханаға қайта оралады. Ал екінші рет мәрте жолдан өтіп жатқанда солтүстікке қарай жүріп келе жатқан KIA Rio көлігі қағып кетеді.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Марқұм рұқсат етілмеген жерден өткендіктен, жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгермепті. Жол қатты тайғақ болғандықтан, көлік жүргізушісі 50-60 метр жүріп барып бір-ақ тоқтаған.

Ал 1969 жылы туған жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel