RU
Қызылордадағы автобус апаты: Қаза болған үшінші жолаушы 7 жасар бала болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордадағы автобус апаты: Қаза болған үшінші жолаушы 7 жасар бала болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысындағы соқтығысқан екі автобустың ішінде 86 адам болған. Олардың арасында демалыс күндерін облыс орталығында өткізбек болған ондаған меткеп оқушысы да бар. Жасөспірімдердің бірі ауруханада көз жұмған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: 54.rodina.news сайтынна алынды

Көрнекі фото: 54.rodina.news сайтынна алынды
Source: Depositphotos

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаевтың мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнында 24 минутта болған. Ал оқиға орнында қаза болған 1964 және 1992 жылғы жолаушылар екені анықталған.

Облыстық білім бөлімі басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың сөзінше, жолаушылардың арасында 13 жасөспірім болған. Олар ата-аналарының рұқсатымен демалыс күнге Қызылордаға кетіп бара жатқан екен.

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бауыржан Ибраевтың хабарлауынша, аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр және қажетті сараптамалар тағайындалған.

"Жүргізушілердің автобус тізгіндеуге рұқсат ететін санаты болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ол.

Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, екі автобустағы жолаушылар негізінен Қазалы және Қармақшы ауданының тұрғындары. Жолаушылар автобусының бірі Қазалыдан облыс орталығына қарай бет алса, екіншісі Қызылордадан Қармақшыға бара жатқан.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар көлікте қысылып қалған бес адамды алып шыққан. Олардың екеуі сол жерде қайтыс болса, 2011 жылғы бала Қармақшы аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенмен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған. Қазіргі таңда 29 адам ауруханада ем қабылдаса, 49-ы үйіне қайтарылған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 қараша күні кешкісін Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылынан 10 шақырым жерде болған.

Бірінің ішінде 37, екіншісінде 32 жолаушысы бар екі автобус соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 14 адам ауруханаға жетікізілген еді.

Зардап шеккендердің арасында балалардың бары хабарланған. Кешірек әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады.

Ал бүгін жол апатынан үшінші жанның қаза болғаны хабарланды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel