RU
Кісі қолынан қаза болған танымал чемпионның ата-анасы өз шындығын айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Кісі қолынан қаза болған танымал чемпионның ата-анасы өз шындығын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Семейдің іргесіндегі Қаражыра көмір кен орнында кезекке таластан жанжал шығып, танымал дзюдошы, Қазақстанның чемпионы Жасұлан Абиев көз жұмған болатын. Марқұмның ата-анасы оқиғаның қалай болғанын өздері айтып берді деп хабарлайды Altaynews.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz
Source: Facebook

Амантай Абиев жер қойнына берілген ұлының өліміне қатысты естіген өз нұсқасын айтып, істің бұрмаланып бара жатқанына күйінді.

"Қаражыраның басында көмір алу үшін кезек бар екен. Сол кезек бұзылған кезде жанжал шығып, ұлым тәртіпке бағынбаған жігітті соғып жібереді. Таяқ жеген адам телефонмен таныстарын шақырып, 5-6 машинамен қалың жігіт келеді. Біреуі көліктен түсе салып, аспанға мылтық атқан. Ұлыма бірнешеуі жабыла кеткен. 2-3 жігітті лақтырып жібереді. Сонда біреуі бастан ломмен ұрады. Балам сол кезде тіл тартпай кетсе керек. Оқиғаның барысы бұрмаланып барады. "Төбелес екі адамның арасында ғана болған. Күдікті ұлымды итеріп қалғанда, басы қатты жерге тиіп, миына қан құйылған. Жедел жәрдем өкілдері теріс дәрі егіп, ақыры өлімге ұласқан" деген ақпарат пайда болыпты", - деген Амантай Абиев ұлының басы соққыдан жарылғанын айтады.
"Баламның басы жарылған. Сол кезде суретке түсіріп алмағанымызға өкініп отырмыз", - дейді ол.

Жасұлан отбасындағы жалғыз ұл болған. Өзі спортшы болса да, бес уақыт намазын қаза қылмапты. Бұған дейін ол Қаражыра кенішінде кезекті реттеуші болып жұмыс істеген екен.

"Ол кісі сөзіне ергіш. Спортшы екенін пайдаланып, "Сен мықтысың, тәртіпті қадағала" деп кіргізіп қойған ғой. Бір айдан бері шығам деп жүрген. Бізге де, достарына да солай айтқан. Ақырғы рейске барам деп айтыпты. Сол ақырғы рейсінде осындай оқиғаға ұшыраған", – дейді Амантай Абиев.

33 жастағы чемпионның артында үш баласы қалған.

Семей полициясының мәліметінше, жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде, спортшының өлімін күдікті ретінде 1994 жылғы Семей тұрғыны ұсталған. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Кінәсы дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандағынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде қазақстандық белгілі спортшы Жасұлан Әбиевтің қаза болғаны хабарланған еді. Кәугерлердің сөзінше, көмір алуға кезекке тұрған екі жігіттің арасында жанжал шығып, нәтижесінде, ауыр бас жарақатын алған Жасұлан ажал құшқан.

Сіздің реакцияңыз
9
0
2
30
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel