RU
Ресейде автобус пен пойыздың соқтығысуынан екі қазақстандық ауыр жараланған
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде автобус пен пойыздың соқтығысуынан екі қазақстандық ауыр жараланған

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Саратов облысында жолаушылар автобусы жүк пойызымен соқтығысқан. Алдын-ала болжам бойынша, Саратовтан Оралға бет алған автобуста бес Өзбекстан азаматы қаза тауып, екі Қазақстан азаматы ауыр халде ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ТАСС

Фото: ТАСС
Source: UGC

Қайғылы жол апаты Озинский ауданында болған.

Болжам бойынша, автобус жүк пойызына реттелмеген теміржол өткелінде соқтығысқан.

Оқиғаға қатысты Қазақстан Ішкі Істер министрлігінің ТЖК пікір білдірді.

"17 қараша күні күндіз Ресей Федерациясының Саратов облысы Озинский ауданындағы теміржол өткелінде жүк пойызы мен рейстік "Саратов-Уральск" автобусы соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша автобуста 7 жолаушы болған. Олардың бесеуі Өзбекстан азаматы, екеуі Қазақстан азаматы", - деп хабардар етті ведомстводан.

ТЖК мәліметінше, апаттан бес өзбекстандық қаза тапқан. Ал екі қазақстандық ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетейік, кеше 16 қараша Қызылорда облысының Қармақшы ауданында екі автобус соқтығысып, салдарынан оқиға орнында екі адам қайтыс болған еді. Ал бүгін жансақтау бөліміне жеткізілген үшінші жолаушының қаза болғаны хабарланды. Ол жеті жасар балақай болып шықты.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel