RU
Қызылорда облысында екі автобустың неліктен соқтығысып қалғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорда облысында екі автобустың неліктен соқтығысып қалғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Инвестициялар және дамк министрлігі Қызылорда облысында соқтығысқан автобустарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: rian.com.ua

Көрнекі фото: rian.com.ua
Source: Depositphotos

Министрліктің бапасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 16-қарашасы күні сағат 19:15-те Қызылорда облысындағы "Самара-Шымкент" автожолының 1690-шы шақырымында болған

"Алдын ала дерек бойынша, м/н 244 ЕХА 11 "Setra" автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, м/н 696 ВВА 07 рейстік (Қызылорда-Қармақшы бағытымен кетіп бара жатқан) автобусына соғылған", - деп хабардар етті ведомстводан.

Мемлекеттік нөмірі 244 ЕХА 11 "Setra" автобусында 38 адам, ал м/н 696 ВВА 07 автобусында 39 адам болған.

"Мемлекеттік нөмірі 244 ЕХА 11 "БауТЛиК" ЖШС-не қарасты "Setra" автобусы Қызылорда-Жосалы-Әйтеке би тұрақты маршрутын орындайды. Техникалық байқаудан 22.10.2018 жылы "Қызылорда техосмотр" ЖШС-нен өткен. Мемлекеттік нөмірі 696 ВВА 07 "Достық" ЖК-не қарасты "Setra" автобусы Қызылорда-Жосалы тұрақты маршрутын орындайды,  техникалық байқаудан 27.06.2018 жылы "Динамо" ЖШС-нен өткен", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше 16 қараша Қызылорда облысының Қармақшы ауданында екі автобус соқтығысып, салдарынан оқиға орнында екі адам қайтыс болған еді.

Ал бүгін жансақтау бөліміне жеткізілген үшінші жолаушының қаза болғаны хабарланды. Кейін оның жеті жасар балақай екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
6
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel