RU

Немересін еркелеткен Қырғызстан президентіне ел сүйсінді (фото)

Күні кеше Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 59 жасқа толды. Осы орайда мемлекет басшысының ресми фотографы Сұлтан Досалиев алғаш рет өзінің Instagram парақшасында президенттің немересімен түскен суретін жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Айта кетейік, бұл қырғыз көшбасшысының немересімен желіде пайда болған алғашқы суреті. Өз кезегінде желі қолданушылары президентті туған күнімен құттықтап, суреттің өте әсерлі шыққанын жарыса жазған.

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанды 2017 жылдың 24 қарашасынан бері басқарып келеді. Президенттің бір ұлы мен бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764121-nemeresin-erkeletken-kyrgyzstan-prezidentine-el-sjsindi-foto.html