RU

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілмек. Тек солтүстік және шығыс өңірлердің кей жерлерінде қар жауады деп жазады NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: Facebook

Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ пен екпінді жел болмақ.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында бұрқасын күтілуде. Бұл аймақтарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерін тұман басып, Маңғыстау облысындағы желдің күші 15-20 м/с дейін ұлғаймақ. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын болмақ.

Ал Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с дейін бармақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764136-demalys-knderi-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolady.html