RU
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер Димашты Лондон әуежайында қарсы алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер Димашты Лондон әуежайында қарсы алды

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген 17 қараша күні Лондондағы Хитроу әуежайына келіп қонды. Әнші өзінің алғашқы жеке концертіне орай келген деп жазады NUR.KZ.

Фото: әншінің өкілдерінен

Фото: әншінің өкілдерінен

Қазақ эстрадасының жұлдызын жанкүйерлері Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында шығарып салып. оған алдағы концертіне сәттілік тілеген.

Ал Лондонда Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды. Хитроу әуежайында жүздеген адам жиналып, сүйікті әншісінің ұшып келуін күткен. Олар Димашқа өз сыйлары мен гүл шоқтарын табыс етті.

Весна Медведева Фото: әншінің өкілдерінен

Весна Медведева Фото: әншінің өкілдерінен

Весна Медведева "DQ" концертіне Торонтодан анасымен бірге келген.

"Осыдан бір жыл бұрын анам мені Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен таныстырды. Содан бері мен оның өнеріне асқан қызығушылық танытамын. Қазіргі таңда ол келетін қонақ үйде тұрып, мен қатты толқып тұрмын. Өз сүйікті әншімді көріп, онымен тілдессем деймін" , -деді Весна.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің "DQ" атты алғашқы жеке концерті алдағы дүйсенбі күні Лондон қаласында болып өтпек.

Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel