RU
Ресейдегі автобус пен пойыз соқтығысы: Қазақстандық жеті жылға сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

Ресейдегі автобус пен пойыз соқтығысы: Қазақстандық жеті жылға сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Саратов облысында пойызбен соқтығысып қалған автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол жор ережесін өрескел бұзғаны үшін айыпталуда деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ТАСС, Sputniknews.kz, Коллаж: NUR.KZ.

Фото: ТАСС, Sputniknews.kz, Коллаж: NUR.KZ.

61 жастағы Қазақстан азаматы жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бап бойынша ер адамды бес жылға дейін мәжбүрлі түрде еңбекке тартумен қатар жүргізуші куәлігінен айыруды көзделмек.

Ресейдің құқық қорғау органдары бес өзбекстандық азамат қаза тапқан жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты 17 қараша күні орын алған. Оқиғада екі Қазақстан азаматы аман қалды. Олар ауруханада аса ауыр жағдайда жатыр.

Жол апатына автобус жүргізушісінің пойыз жүретін темір жолға қызыл түске өтіп кетуі себеп болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel