RU
Жұлдыз Әбдікәрімова баласы шетінеп кеткені туралы бар шындықты айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұлдыз Әбдікәрімова баласы шетінеп кеткені туралы бар шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Жұлдыз Әбдікәрімова баласы шетінеп кеткені туралы айтып, басынан өткен күйзеліс жайлы жан сырын ақтарды. Қайрат Нұртастың әйелі бұрын-соңды еш жерде айтпаған құпиясымен өзінің желідегі оқырмандарымен бөліскен деп жазады NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова басынан өткен ауыр жағдай жайлы өзінің Instagram парақшасында тарқатып айтып берді. Анықталғандай, Қайрат Нұртас бес баланың әкесі болуы тиіс еді. Кенже ұлының алдында жүкті болған Жұлдыздың баласы 18-ші аптада шетінеп кеткен.

"Құрсағымда 17-18 апталық баламның шетінеп кеткенін естігенде есеңгіреп, әрең операционный залға кіруге келіскен болатынмын. Одан кейінгі күйзелісті сөзбен айтып жетуізу сол кезде мүмкін емес болып көрінді.
Алайда араға бір ай салып, Аллаһ бізге тағы тосыннан сый жасап, артынша құрсақ көтеруді нәсіп етті. Шүкір!" , - деп жазған жүргізуші.

Оған қоса, артынан кенже ұлы Ханды дүниеге әкелген Жұлдыз Әбдікәрімова оны босанарда перзентхана бір өзі ғана барғанын айтты.

"Сол күні таң атысмен тірліктеріммен шығып, шаруаларыммен жүріп, азық-түлікті әкеп, кешке балаларды алып, үй - жайдың бәрін жайғастырып, қолыма сөмкемді алып, ешкімді ескертпей көлігіммен жааай жүріп, боранмен таласып перзентханаға жеттім-ау, әйтеуір. (Айта кетейін жігітім әдеттегідей гастрольдық сапарда еді.) Сонымен 18.11.2014 жылы таңғы сағат 10.00-де дүниеге Хан келді! Салмағы 4.200, ал бойы 57 , шекесі торсықтай батырды қолыма алдым" , - деді Қайрат Нұртастың әйелі.

Сіздің реакцияңыз
7
6
2
8
2
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel