Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұртты қыздар": Әсел Сәдуақасова мен Ерке Есмахан көпшіліктен оңбай сөз естіді (видео)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова мен Ерке Есмаханның би билеген видеосы желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына қалды. Оқырмандар арулардың қылығын ерсі санап, оларды сынға алған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Instagram

Аталмыш бейнежазбада Әсел Сәдуақасова, Ерке Есмахан мен Жәния Джуринскаяның шашын мұрт қылып алып, би билегені көрініс тапты. Грузияда жүрген шоу-бизнес жұлдыздары өз көңілді кешінен видео жүктейміз деп, елден оңбай сөз естіді.

"Мұртты қыздар болып кетіпті ғой", "Ұят деген жоқ. Не би мынау?", "Қазақ қызына тәнті емес мүлде, құтырып әбден", "Осылар бастары қосылса әйету бірдене ойлап таппаса болмайды" , - деуде оқырмандар.

Оған қоса, кейбір оқырмандар Әсел Сәдуақасованың толып кеткенін аңғарып, оның жүкті екенін болжады.

Отандқ жұлдыздар өз триосын "Мұртадзе" деп атаған.

Ерке Есмаханның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764161-mrtty-kyzdar-sel-sduakasova-men-erke-esmahan-kpsilikten-obaj-sz-estidi-video/

pixel