Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ауладағы қарды тазалаған балақай көпшілікті тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Астанадағы "Теремок" тұрғын үй комплексінде қызықты оқиға орын алды. Қолына күрек алған балақай ауладағы қарды тазалауға білек сыбына кірісіп кеткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Getty Images

Тұрғын үй ауласындағы қарды күреген баланың видеосы Instagram желісіндегі vastane парақшасында жарияланған. Бейнежазба авторы оның астына балақайдың он жаста екенін жазып қойған.

Желі оқырмандары бүлдіршіннің қылығына тәнті болып, оның ата-анасына мақтау сөздерін жаудырған.

"Жарады. Мені шынымен таңғалдырдың, мұндай балалар қалмаған шығар деп ойласам", "Міне нағыз үлгі тұтарлық қылық. Жасандылық деген жоқ, шынайы. Бірақ ең қызығы оны біреу қинап жасатты ма екен? Әлде өзі ме?", "Ата-анасына мың мадақ. Кіші жасынан еңбекке баулып жатыр"
"Баланың әке-шешесіне ерекше құрмет. Жақсы тәрбие беріп жатырсыздар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764163-astanada-auladagy-kardy-tazalagan-balakaj-kpsilikti-tnti-etti-foto/

pixel