RU

ММА: Қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Отандық ережесіз жекпе-жек спортшысы Гойти Дазаев Бахрейнде өткен World Fighting Championship Akhmat 54 турниріне қатысып, қарсыласын нокаутқа жіберді деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: inform-groznyi.ru
Фото: inform-groznyi.ru: Instagram

Дазаев ресейлік Василий Курочкинді жекпе-жектің үшінші раундында техникалық нокаутпен жеңіп кетті. Қазақстандық спортшы қарсыласына жойқын соққыларды аяусыз жаудырып, нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатуды шешкен.

Бұл жеңіс отандасымыз үшін аса маңызды болды. Ол мамыр айында мансабындағы алғашқы жеңілісіне тап болған. Дазаев ресейлік Мұрат Абдуллаевқа бірінші раунда-ақ есе жіберген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764187-mma-kazakstandyk-sportsy-karsylasyn-nokautka-ziberdi.html