RU
19 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

19 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін зодиак белгілері тапсырмаларды орындаудың кілтін тауып, көптеген келеңсіздіктердің алдын алып, барлық қиындықтарды шешеді. supercook сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 19 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Фото:fakty.ua
Source: Facebook

1. Тоқты

Бүгін маңызды істі бастап, қажетті ақпаратты дұрыс пайдаланатын күн. Белсенділігіңізді айналадағы адамдар жақсы бағалайды, алайда түбегейлі шешімдер қабылдаудың қажеті жоқ. Ең бастысы, қол жеткізген жетістіктерге риза болып, одан да жақсыға жетуге талпынбау.

2. Торпақ

Егер бүгін тағы бір қызметті қоса алып жүруге ұсыныс жасалса, келіспеңіз, жұлдыздар қолыңыздан келмейтінін және ақша жоғалтуыңыз мүмкін екенін ескертіп отыр. Бүгін өте қолайсыз күн. Айналадағылардың бәрі алдап кетуге тырысады. Таңертеңнен бастап жайсыздықтар мен ұрыс-керіс басталуы мүмкін. Тағдырыңыз сізге қарсы, бірақ кешке бәрі өз орнына келеді.

3. Егіздер

Маңызды істі бастауға, ақпаратты пайдалануға арналған күн. Егер бүгін жаңа іс бастауға ұсыныс алсаңыз, дереу келісіңіз. Жұлдыздар бүгін барлық істе сәттілік болатынын көрсетіп тұр. Тілдесу үшін, жаңа табыс көзін іздеу үшін қолайлы күн. Бүгін жамандық сізді айналып өтеді. Дұшпаныңыз сізді аяқтан шалуға тырысады, алайда өзі ыңғайсыз жағдайда қалып қояды.

4. Шаян

Бүгін жаңа, үйренбеген жағдайға тап болуыңыз мүмкін, бірақ ішкі түйсігіңіз сізге көмектесіп, тез үйреніп кетесіз. Ой-өріс, сезім мен әрекеттеріңіз үйлесімді жұмыс істейді, сондықтан жеке өмірде, өнерде және кәсіби салада жетістікке жетуіңіз мүмкін.

5. Арыстан

Бүгінгі күн кәсіби істе, мансабыңызды жоғарылатуда, жаңа идеялар мен бастамаларда белсенді әрекетке көшетін күн. Сіздің белсенділігіңіз бен шығармашылық әлеуетіңізді басшылық жоғары бағалайды, алайда асығыс шешімдер қабылдамаңыз, басшылыққа бұл ұнамай қалуы мүмкін. Дипломатиялық өнеріңізді жақсы пайдалансаңыз әлеуметтік мәртебеңізді өзгертіп, беделіңізді нығайта аласыз.

6. Бикеш

Кез келген ақпаратты пайдаланып, жаңа істі бастау үшін қолайлы күн. Өз қорларыңызды дұрыс пайдалансаңыз, әлеуметтік мәртебеңізді өзгертіп, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайтып, қаржылық жағдайыңызды түзей аласыз.

7. Таразы

Бүгін ауыр, сылбыр күн. Тіпті жаңа жобаны іске асыруда туындаған қиындықтар оның орындалуын жоққа шығаратындай көрінуі мүмкін. Бәлкім, сіз қатты абыржып, туындаған жағдайды дұрыс түсінбей тұрған шығарсыз. Осы қысымға төтеп беріп, достарыңыз, жақындарыңызбен ұрыспай, қиындықтарды шеше алсаңыз, соңында сізді сәттілік күтіп тұр. Ал әзірге еңбектеніп, үйреншікті өміріңізді сүре беріңіз.

8. Сарышаян

Қиындықтарға толы күн болады. Үйреншікті жұмысыңызды істеңіз, жаңа нәрсе жоспарламаңыз, себебі ойдағыны іске асыру өте қиын болады. Тағдырыңыздың берген сыйларына шүкір етіп, артық ештеңе күтпеңіз. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтау қиын. Жан дүниеңізде жайсыздық болуы мүмкін. Күннің екінші жартысын демалуға арнаңыз, жаттығу жасап, суға түсіңіз.

9. Мерген

Үйлесімділік күні, кез келген маңызды істе сәттілік болады. Жаңа таныстық орнатып, ол болашақта қарым-қатынасқа ұласуы мүмкін. Немесе жаңа ақпарат алуыңыз мүмкін, ол жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі. Жұлдыздар денсаулыққа мән беруге кеңес береді. Өзіңізді жайсыз сезініп, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Ішімдік ішпеген жөн.

10. Тауешкі

Бүгінгі күн маңызды істі шешуге қолайлы, ақпараттарды пайдаланыңыз. Энергияңызды дұрыс жұмсасаңыз, әлеуметтік мәртебеңізді өзгерте аласыз. Сізден төмен орналасқан адамдарға немғұрайлылық көрсетіп, сізден бір саты жоғары орналасқан адамдардың деңгейіне жетуге деген ұмтылысыңыз мансабыңызға оң әсерін тигізеді, алайда әріптестеріңіз бен айналадағы адамдар бұл ынтаңызды дұрыс түсінбеулері мүмкін.

11. Суқұйғыш

Бүгінгі күн - мақсат қойып, сол мақсатқа жету күні. Кәсіби істе тиянақтылық, тәртіп және жинақылық қажет болады. Суқұйғыш ерлер жұмыста бұрын жіберілген қателерді түзетіп, маңызды шаруаларды шеше алады. Жақындарыңызбен әділ және парасатты болыңыз.

12. Балықтар

Бүгін - қызбалық пен үйлесімсіздік күні. Қиындықтарға қарамастан сіз адамдармен қарым-қатынасыңызды және қаржылық жағдайыңызды түзете аласыз. Бастамалар мен істердің сәтті аяқталуы табандылығыңыз бен парасаттылығыңызға байланысты. Кешке біраз тынығып, ой жинақтау үшін серуендеп қайтқаныңыз жөн. Ұйқысыздық мазалап, күшіңіз сарқылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel