RU
Еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, көктайғақ болады
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, көктайғақ болады

Рассказать Вконтакте

Аптаның алғашқы күнінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, екпінді жел мен бұрқасын күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

ввввв

Көрнекі фото: smartnews.kz
Source: Facebook

Ақмола облысында тұман түседі, жолдарда көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында жел күшейеді, жылдамдығы -15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Жамбыл облысында да тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Қостанай облысында кей жерлерде - тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктеріне тұман түседі, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысында да тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Түркістан облысында жел күшейеді - 15-20 м/с. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel