RU

Өзбек билігі ұстаздардың бір күндік айлығын футбол клубына аударған

Өзбекстанның Жизақ облысындағы жергілікті мұғалімдерден жиналған 272 млн сум (шамамен 33 мың доллар) "Согдиана" футбол клубына заңсыз аударылған. Бұл туралы Centralasian.org басылымы жазады.

Өзбек билігі ұстаздардың бір күндік айлығын футбол клубына аударған
Көренкі фото: tj.sputniknews.ru: Getty Images

Биыл 3-4 қарашада ұйымдастырылған жалпыхалықтық қайырымдылық аясында мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы қызметкерлердің бір күндік жалақысы футбол клубын қолдауға аударылған.

Бірақ Өзбекстанның білім министрлігі бұл жайт мәжбүрлі еңбекпен күрес жөніндегі заңға қайшы келеді деп санайды.

БАҚ ақпаратынша, қазіргі таңда мұғалімдер жиналған қаражатты қайтаруға әрекеттеніп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764207-zbek-biligi-stazdardy-bir-kndik-ajlygyn-futbol-klubyna-audargan.html