RU
Қырғыз прокурорының өліміне күдікті әкімдік қызметкері болып шықты
Жаңалықтар Әлемде

Қырғыз прокурорының өліміне күдікті әкімдік қызметкері болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда облыс прокуроры Анарбай Масажақыповтың өліміне қатысы бар деп танылған күдіктінің тұтқындалғаны белгілі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол жергілікті әкімдіктің қызметкері болып шыққан. Бұл туралы Қырғызстанның ІІМ хабарлады деп жазады Кабар агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: novostipmr.com

Фото: novostipmr.com
Source: Twitter

Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, әкімдік қызметкері Lexus көлігін жалға алып, Анарбай Масажақыповпен кездескен. Олардың дәл сол күні әңгемелесіп тұрғанын көрген куәгерлер де бар екен.

Марқұм прокурордың әріптестері әкімдік қызметкерін біраз уақыттан соң мас күйде көргенін жеткізді. Олар одан Масажақыповтың қайда екенін сұрастырғанда толыққанды жауап ала алмаған.

Сол арада күмән туындап, бірден полиция шақыртылады. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары көлік ішінен қан іздерін анықтапты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында Масажақыповтың өлі денесі табылған. Анықталғандай, күдікті көлігімен тау жаққа қарай барған.

Кейін прокурорға оқ атылып, пышақ жарақаты жасалғаны анықталды.

ІІМ аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдіктінің ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқарып келгенін айтты. Әзірге оның адам өлтіруге не себепті барғаны белгісіз.

Әкімдік қызметкері уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда облыс прокурорын өлтіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel