RU

Павлодарда адам қаққан көлік қоршауды бұзып, трамвай жолына шықты (видео)

Павлодарда бойжеткенді қаққан көлік темір қоршауды сындырып, трамвай жолына шығып кеткен. Оқиғаның видеосы Instagram-дағы tipavlo парақшасында жарияланған деп жазады NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

bk55.ru
Көрнекі фото: bk55.ru: Facebook

Желіде жарияланған видео оқиғадан кейін түсірілген. Кадрлардан апат орнына адамдар жиналып, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жүргенін көруге болады.

Оқиға Ломова көшесінде, бірінші қалалық ауруханаға қарсы бетте орын алыпты.

Жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан 34 жастағы әйел адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764214-pavlodarda-adam-kakkan-klik-korsaudy-bzyp-tramvaj-zolyna-sykty-video.html