RU
"Жақсы көремін": Анасымен сырласқан Қайрат Мырзаханов елдің жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жақсы көремін": Анасымен сырласқан Қайрат Мырзаханов елдің жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

"Меломен" тобының мүшесі Қайрат Мырзахановтың анасымен ұялы телефон арқылы сөйлескен сәті көпшілікті сүйсінтті. Әнші ең жақын адамына хабарласып, өзінің шексіз махаббаты мен алғысын білдірген. Мұны көрген желі оқырмандары көз жастарына ерік бергенін жасырмады деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Мырзахановтың анасына білдірген жылы лебізіне оның жанкүйерлері ерекше тәнті болған. Олар "Меломендік" жігіттің қылығына жоғары баға беріп, оған мақтау сөздерін қарша жаудырды.

Әнші өз парақшасына жүктеген бейнежазбада анасына қоңырау шалып, қатты жақсы көретінін айтады. Ұлының мұндай ыстық ықыласына қарт ана да риза болып, баласына деген сезімін жеткізген.

"Жарайсың, әдемі естелік қой бұл" , "Аналарымыз аман болсын. Ұзақ жасасын" , "Қандай тамаша көрініс. Жүрегім елжіреп кетті", "Көзге жас келеді екен, осылай қоңырау шалып тұрғанға не жетсін", "Қарапайым жігіттер, аналарымызға алғыс айтуды әдет қылу керек сияқты", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетерлігі, "Меломен" тобы 29 қараша күні Алматы қаласында "Сүйгенім бол" атты жеке ән кештерін бермекші.

"Меломен" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel