RU

ІІМ тексеруде: Қарулы күзетпен ән салған Серікбол Сайлаубек дауға қалды

Серікбол Сайлаубек өзінің Instagram парақшасына қару асынған жігіттердің артқы жағында тұрып ән орындаған сәтін жүктеп, басы бәлеге қалды. Әншінің жазбасы бүгінде ІІМ тексеріне өткен деп жазады NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызының өзі мұндай күзеттің барына қатты таңғалғанын жеткізді. Оған қоса ол өзінен басқа тойда өзбекстандық әнші Юлдуз Усманова да болғанын айтты.

Аталмыш бейнежазба ІІМ назарына ілікті. Олардың мәліметінше, видео Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында түсірілген.

Министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев видеодағы қарулы адамдар жекеменшік күзет агенттігінің қызметкерлері болуы мүмкін деп болжады.

Қазіргі таңда ІІМ той иелерінің мерекелік шараға не себепті қарулы күзетшілерді шақырғанын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764220-iim-tekserude-karuly-kzetpen-n-salgan-serikbol-sajlaubek-dauga-kaldy.html